Министр Жұманғарин экономикалық өсім мен халықтың нақты табысы арасындағы байланыс туралы постыма қатысты сарапшылар ортасы мен әлеуметтік желілерде қызу талқылау жүріп жатқанын бақылап отыратынын ФБ -дағы жеке парақшасында жариялады.

Оның айтуынша, жоғары белсенділік бұл тақырыптың қоғам үшін қаншалықты маңызды әрі өзекті екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.
«Бұл — еркін пікірталас ортасы үшін қалыпты құбылыс. Дегенмен, мемлекеттің экономикалық саясатын тек дерексіз (абстрактілі) талқылауларға сүйеніп құруға болмайды. Ол әрдайым нақты айғақтарға, соны мәліметтерге және ел іші мен сыртқы нарықтардағы қазіргі шынайы жағдайға негізделеді. Азаматтардың мүддесіне сай жұмыс істейтін тиімді шешімдер табу үшін кез келген теориялық модельді тәжірибемен ұштастыру біз үшін аса маңызды», — дейді министр.
Министр айтып өткендей, 8 маусымда Ұлттық экономика министрлігі жанындағы сарапшылар кеңесінің кезекті отырысын өтеді. ткіземіз. Онда Халықтың нақты табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспардың жобасы, сондай-ақ негізгі KPI көрсеткіштеріне қол жеткізу шаралары таныстырылады.
Бұдан бөлек, экономикалық өсім мен халық табысының бөлінісі арасындағы байланысты бөлек талқылаймыз. Сарапшылық кеңес мүшелері үшін тақырыпты алдын ала хабарлайын: біз Саймон Кузнецтің «теңсіздік қисығы» гипотезасы мен «туннель әсері» (эффект туннеля) тұжырымдамасының Қазақстан экономикасына қаншалықты сәйкес келетінін сөз етеміз.
«Кузнец гипотезасы бойынша, экономикалық өсімнің алғашқы кезеңдерінде теңсіздік күшеюі мүмкін. Өйткені өсімнен түсетін пайда алдымен жекелеген секторларда, аймақтарда және белгілі бір топтарда ғана шоғырланады. Алайда экономика дамып, жұмыспен қамту аясы кеңейген сайын, адами капитал өсіп, табысты қайта бөлетін институттар нығайған кезде теңсіздік деңгейі де біртіндеп төмендейді. Айта кету керек, бұл — бұлжымас заң емес, тек гипотеза және пайдалы талдау құралы ғана. Оның іске асуы экономиканың құрылымына, институттардың сапасына және жүргізіліп отырған саясатқа тікелей байланысты», — дейді министр.
Қазақстан сияқты табысы орташа елдер үшін экономикалық өсімнің жемісін халықтың қалың бұқарасы сезіне алуы өте маңызды. Құрылымдық трансформация кезеңінде жаңа мүмкіндіктер бірден таралмауы мүмкін: алдымен белгілі бір салаларда, өңірлерде және кәсіби топтарда пайда болып, кейін ғана бүкіл экономикаға таралады. Сондықтан халықтың бір бөлігі оң өзгерістерді тезірек сезінсе, енді бір бөлігі үшін оның әсері белгілі бір уақыттан кейін ғана байқалады.
«Бұл құбылысты Хиршман мен Ротшильд қарапайым өмірлік мысалмен сипаттаған «туннель әсері» жақсы түсіндіреді. Өзіңізді туннель кептелісінде тұрғандай елестетіңіз: көрші қатардағы көліктер қозғала бастады, ал сіздің қатарыңыз әлі тұр. Шамалы уақыт бұл сізге жақсы белгі ретінде көрінеді — демек, жол ашылды, жақында біз де жүреміз деп үміттенесіз. Бірақ көрші қатар тоқтамай жылжып, ал сіздің қатарыңыз ұзақ уақыт орнынан қозғалмаса, үміттің орнын ашу мен әділетсіздік сезімі басады.
Сонымен бірге, экономикалық өсімнің халық табысына айналу жылдамдығы тек ішкі экономикалық саясатқа ғана байланысты емес. Үкіметтің республикалық бюджеттің 39%-ын құрайтын жоғары әлеуметтік міндеттемелерімен қатар, бүгінде сыртқы нарықтарда мемлекетке де, бизнеске де үлкен сынақтар туындап отыр. Мысалы, КҚК жұмысының тоқтап қалуы, Парсы шығанағындағы тұрақсыздық, әлемдік нарықтағы металл, мұнай, мұнай өнімдері мен азық-түлік бағасының құбылмалылығы айтарлықтай әсер етуде. Мұндай жағдайда ірі компаниялар жалақыны өсіру сияқты қосымша міндеттемелерді алуға сақтықпен қарайды. Себебі жалақы — компанияның тұрақты шығыны, сондықтан олар тапқан табысты еселеп, қорда сақтауды жөн көреді.
Осы орайда халықтың тұрмыс сапасының жақсаруына деген сенімі мен күтімі үлкен рөл атқарады. Инфляциялық күтілімдер сияқты, бұл да адамдардың экономикалық мінез-құлқына, жүргізіліп жатқан саясатқа деген сенім деңгейіне және экономикалық өсім нәтижелерін қоғамның қалай қабылдайтынына әсер етеді. Сондықтан, экономикалық саясат үшін өсімнің өзі ғана емес, оның жемісін халықтың кеңінен сезінуі маңызды: бұған сапалы жұмыс орындары, білім алу, кәсіпкерлік, инфрақұрылым, қаржыландыру және өңірлерді дамыту мүмкіндіктері арқылы қол жеткізіледі. Бұл мәселелер экономикалық өсімнің белсенді саясатымен және жаңа салық-бюджет саясатымен, сондай-ақ Халық табысын арттырудың кешенді жоспарымен тікелей байланысты. Экономикалық өсімнің жаңа белсенді саясаты туралы және оның бұрынғы ҮИИДМБ-дан (ГПФИИР) айырмашылығы жайлы келесі жазбаларымда толығырақ тарқатамын», — деп сөзін түйінде Жұманғарин.