Қазақстанға JP Morgan сияқты ең төменгі пайыздық мөлшерлемесі бар банк келсе де 15,5 пайыздан төмен несие бере алмайды. Өйткені ол шығынға ұшырайды екен.

Несие бойынша пайыздар бірнеше факторлардан тұрады.
- Ең бастысы – елдегі базалық мөлшерлеме. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде белгіледі. Бұл шешім 2026 жылдың 24 шілдесінде қабылданды.
- Базалық мөлшерлеменің 16,75%-ға дейін төмендеуі (0,25 пайыздық тармаққа азаюы) коммерциялық несиелердің пайызын бірден немесе нақты бірдей мөлшерде төмендетпейді. Бұл өзгеріс нарықтағы ақша құнының біртіндеп аздап арзандауына әсер етуі мүмкін, бірақ банктердің пайыздық мөлшерлемелері олардың ішкі саясатына, тәуекелдеріне және нарықтағы бәсекелестікке байланысты жеке анықталады.
- Коммерциялық банктер несие пайызын белгілегенде тек базалық мөлшерлемені емес, өздерінің қаржылық шығындарын және қарыз алушының қауіпсіздік тәуекелдерін ескереді.
Несие пайызына әсер ету ерекшеліктері
- Шамалы өзгеріс: Мөлшерлеме небәрі 0,25%-ға ғана төмендетілгендіктен, несиелердің құны күрт немесе айтарлықтай төмендемейді.
- Уақытша кідіріс: Базалық мөлшерлеменің өзгеруі мен банктердің өз несие өнімдерінің пайызын қайта қарауы арасында уақыт өтеді.
- Несие бойынша пайыз мөлшерлемесіне базалық мөлшерлеме, резервтік, тәуекелдік сыйлықақы және банктік маржа сияқты факторлар әсер етеді.
- 30 адамға несие берсе, соның 1,5 пайызы несиесін төлей алмай қалуы мүмкін.
- Банк оны өтей алмағандардың шығынын жабу үшін 2-3% тәуекелдік сыйлықақы қосады. Басқаша айтқанда, 30 адам жабылып несиесін төлей алмай қалған 1 адамның шығынын жабады.
- Сондай-ақ жоғары пайыздық мөлшерлемеге қаржы нарығындағы теңгелік несиелерге сенімсіздік те әсер етіп отыр.
- Біздің коммерциялық банктерде теңгелік несиелер бойынша ең төменгі маржа 4% құрайды. Кейбір банктер бұдан да жоғары – 5-7% алады. Күшті шетелдік банк 3% бере алады. Дегенмен, банктердің айтуынша, мерзімі 5 жылдан жоғары теңгелік несиелердің тәуекелі жоғары. Теңге әлі де толық сенімге ие емес
Қазақстандықтардың банктер алдындағы жалпы қарызы 25,85 триллион теңгеге жетті. Тек соңғы бес жылда күнделікті ұсақ-түйек шығынға алынған берешек 6 триллионнан 17 триллион теңгеге жеткен. Қарыздың басым бөлігі ұлттық валюта – теңгемен рәсімделген. Ал шетел валютасындағы несиелердің үлесі өте аз. Бұл көрсеткіштің негізгі бөлігін тұтынушылық несиелер, сондай-ақ өңірлер бойынша ең жоғары қарыз көлемі құрайды.
Негізгі көрсеткіштер мен деректер
- Жалпы сомасы: 1 шілдедегі жағдай бойынша халықтың берешегі 25,85 трлн теңгені құрады.
- Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, 1 шілдедегі жағдай бойынша Алматы тұрғындарының банктер алдындағы қарызы 7,638 трлн теңгені құрады. Бұл – еліміздегі барлық өңірлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш.
- Екінші орында Астана тұр. Онда халықтың несие көлемі 4,236 трлн теңгеге жеткен.
- Үшінші орында Шымкент, мұнда тұрғындардың банктер алдындағы қарызы 2,05 трлн теңгені құрайды.
- Облыстар арасында ең үлкен несие портфелі тіркелді: Қарағанды облысында – 1,39 трлн теңге, Ақтөбе облысында – 1,01 трлн теңге, Маңғыстау облысында – 861,9 млрд теңге, Жамбыл облысында – 830,8 млрд теңге.
- Өсу қарқыны: Халықтың несие жүктемесі жыл сайын артып келеді.
Қазақстанда банктер ұсынатын кредиттердің орташа пайыздық мөлшерлемесі шамамен 19,48%-ды құрайды
Мерзіміне қарай орташа пайыздар
- 1 айға дейін: 31,74% (ең жоғары мөлшерлемелердің бірі).
- 1 айдан 3 айға дейін: 17,84%.
- 3 айдан 1 жылға дейін: 20,76%.
- 1 жылдан 5 жылға дейін: 21,31% (халық арасында ең танымал санаты).
- 5 жылдан ұзақ (ипотека және басқа да ұзақ мерзімді қарыздар):
Ең жоғары мөлшерлеме 1 айға дейін берілетін кредиттерде тіркелген. Маусымда мұндай қарыздардың орташа мөлшерлемесі 31,74%-ға жетті.
Несие түрлері мен мерзімдері
- Тұтынушылық несиелер: көбінесе 1 жылдан 5 жылға дейін ресімделеді.
- Ипотекалық қарыздар: баспана алу үшін 15 жылдан 20-30 жылға дейін беріледі.
- Бөліп төлеу (рассрочка): әдетте 3 айдан 24 айға дейінгі қысқа мерзімге жасалады.
Мерзімі өткен берешек те өсіп жатыр
Қазақстанда 90 күн бойы төленбей, мерзімі өтіп кеткен проблемалық несие (NPL) көлемі 1,72 трлн теңгеден асты. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) соңғы шолуына сәйкес, жыл басынан бері көрсеткіш айтарлықтай өсіп, банктердегі несие қоржынының 3,97%-ын құрап отыр. 2025 жыл соңында сома 1,57 трлн теңге (3,6%) болған еді.