Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) 2025 және 2026 жылдары өзгеріссіз 85 000 теңге деңгейінде қалды.

Бұған дейін Еңбек министрлігі ЕТЖ-ны халықаралық стандарттар бойынша медиандық жалақыға байлап есептеудің жаңа әдістемесін енгізген болатын. ЕТЖ-ны үш жылға «мұздатып» тастау бұл реформаның тиімділігін жоққа шығарып, жалақыны нарықтық сұранысқа сай емес, әкімшілік бұйрықпен реттеуді жалғастыратынын көрсетед.
Биылғы сәуір айында үкімет қабырғасында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин ЕТЖ-ны қазіргі 85 мың теңгеден 150 мың теңгеге көтеру жоспарда бар екенін айтқан. Вице-министр сол кезде бұл бастаманың халық табысын арттыруға арналған кешенді бағдарлама аясында қарастырылып жатқанын, халықаралық тәжірибеде ең төменгі жалақы көбіне медианалық жалақының 50 пайызына тең болатынын, Қазақстандағы медианалық жалақы шамамен 302 мың теңге деңгейінде өскенін, осыған сәйкес ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін жеткізу негізгі міндеттердің бірі екенін мәлімдеген.
Енді ЕТЖ алдағы үш жылда өспейтіні белгілі болды. 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында 85 000 теңге деңгейінде өзгеріссіз қалдырылды.
ЕТЖ-ның өспеуі бизнеске, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікке (ШОБ) төмендегідей нақты әсер етеді: Сарапшылар бұл ретте Қазақстанда жұмыс берушілер жұмысшының жалақысынан бөлек, өз қалтасынан бірнеше міндетті төлемдерді төлейтінін қаперге алып отыр. ЕТЖ 85 000 теңге болып қалғандықтан, ең төменгі әлеуметтік аударым да 2 975 теңге деңгейінде өзгеріссіз қалады. Кез келген белсенді жеке кәсіпкер (ЖК) өз-өзі үшін ай сайын ең кемі 17 425 теңге тұрақты төлем төлейді. Егер ЕТЖ өскенде, бұл сома да бірден ұлғаятын еді.
Үкіметтің негізгі қаупі
ЕТЖ күрт өссе, шағын кәсіпорындар (дүкендер, дәмханалар, сұлулық салондары) ресми салықты төлей алмай, жұмысшыларын ресімдеуден бас тартып, жалақыны «конвертпен» бере бастауы мүмкін еді. ЕТЖ-ның тұрақты болуы бизнестің заңды алаңда қалуына мүмкіндік береді. Төмен біліктілікті талап ететін салаларда (күзет, тазалық қызметі, бөлшек сауда) жалақы көбіне ЕТЖ деңгейіне жақын болады. Егер ЕТЖ өссе, бизнес шығынды азайту үшін жұмысшыларды қысқартуға мәжбүр болар еді. Қазіргі жағдайда бұл қауіп ішінара сейілді.
Халықтың қаупі үкіметтің кұдігін жоққа шығарып жатыр
Үкімет бұл қадамды бюджет тапшылығымен және бизнестің шығындарын бақылауда ұстау қажеттілігімен уәждесе, экономистер мен халық арасында бұл «уәждің» кері әсері басым болады деген қауіп күшті. Үкімет ЕТЖ-ны өсірмегенімен, Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) пен инфляция деңгейі жыл сайын өседі (мысалы, 2027 жылы АЕК 4 693 теңгеге дейін артады. Азық-түлік, коммуналдық қызметтер мен тауарлар бағасы қымбаттаған жағдайда ең төменгі жалақының бір орында тұруы — ең аз табыс табатын азаматтардың (әсіресе техникалық жұмыскерлер, күзетшілер, тазалықшылар) сатып алу қабілетін айтарлықтай төмендетеді. Бұл кедейшілік шегіндегі халықтың үлесін арттыруы мүмкін.
ЕТЖ тек айлыққа ғана емес, бірқатар маңызды әлеуметтік төлемдерге тікелей әсер еді. ЕТЖ өспегендіктен, төмендегі көрсеткіштер де тоқырауға ұшырайды. Үкімет бұл шешім арқылы шағын және орта бизнестің салықтық және айлық шығындарын жеңілдетуді көздегенімен, нәтижесі керісінше болуы мүмкін: ЕТЖ ресми түрде төмен деңгейде қалғандықтан, кейбір жұмыс берушілер жұмысшыларға құжат жүзінде тек 85 000 теңге көрсетіп, қалған бөлігін «конвертпен» (қолма-қол) беру үрдісін жалғастыра береді.Бұл мемлекеттік бюджетке түсетін міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік салықтардың азаюына әкеледі.